Бонустық карта

Бонус-картаның көмегімен Сіз тапсырыс сомасынан балл жинақтай және біздің мейрамханаларымызда одан әрі шоттарды төлеу үшін пайдалана аласыз.

Қалай картаның иесі атануға болады

1. 2 айда 10 рет келу шартымен саулдама-өтінімді толтырыңыз.  2. 30 жұмыс күні ішінде Сіз бонус картасын тегін аласыз.

Бонустық балды қалай жинақтау керек

Мейрамханада әрбір жұмсалған 100 теңге үшін Сіз картаңызға 5 балл аласыз.

Шотты жапқанда Сіз өзіңіздің атаулы шотыңызға бонустық балл есептеу және жүйеде тіркеу үшін бонус картаңызды ұсынасыз.  Шотты жапқаннан кейін чекте картаның №, Сіздің атыңыз бен тегіңіз басылып шығуы тиіс. Бонустық балдар Сіздің атаулы шотыңызға оларды есепке алғаннан кейін келесі күні белсенді болады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сізде   Жеті Қазына, Caramel және ЦИ мейрамханаларының әрқайсысында қолжетімді бір атаулы шот жасалады

Как использовать бонусные баллы

При закрытии счёта предъявляете бонусную карточку официанту и сообщаете ему о своём намерении оплатить счёт бонусными баллами и говорите сумму, которую Вы хотите снять с Вашего бонусного счета.

Бонусными баллами вы можете оплатить счёт полностью или частично. Сумма единовременной оплаты не может превышать 30 000 тенге.

Шотты ішінара төлеген кезде тапсырыс сомасының қалған бөлігін қолма-қол ақшамен немесе банк карточкасымен төлей аласыз.

Шоттың бір бөлігі балдармен, қалған бөлігі қолма-қол ақшамен төленген жағдайда,  ақшалай сомамен төленген  (қолма-қол ақшамен немесе қолма қол ақшасыз) сомаға ғана бонус есептелетін болады .

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балдармен төленген сомаға бонус есептелмейді.

Теңгерімді тексеру

 

Теңгерімді мынадай тәсілдермен тексеруге болады:

 

Мейрамханада:

 

Картаңызды даяшыға көрсетіп, бонустық карта бойынша шоттағы қалдықты басып шығаруды өтініңіз.

 

Почта  арқылы жіберу

 

Сіздің сауалдамаңызда почталық мекенжай көрсетілсе, көрсетілген мекенжайға бір тоқсанда бір рет бонустық шоттың жай-күйі туралы есеп жолданады.   Есепте кезеңнің басындағы теңгерім, кезең соңындағы теңгерім, көрсетілген кезеңде жасалған операциялар көрсетіледі. 

 

Қатысу шарты

1. Картаны онда аты көрсетілген адам ғана пайдалана алады. Картаны басқа тұлғалға беруге болмайды.

2. Корпоративтік іс-шараларға атаулы карта жарамсыз.

3. Мейрамханалар жинағының әкімшілігі  карточканы пайдалану ережесі мен шарттарын бұзған жағдайда, кез келген қатысушыны шығарып тастау құқығын өзіне қалдырады (бұл ретте  клиенттің бонустық шоты оқшауланады және барлық жинақталған балдар күшін жояды).   Әкімшілік себептерін түсіндірмей, өз қалауы бойынша бонустық бағдарламаға қатысу құқығын өзіне қалдырады.

4.Мейрамханалар жинағының әкімшілігі  бұл туралы алдын ала хабарландыра отырып, сондай-ақ онсыз кез келген уақытта барлық бонустық бағдарламаны немесе оның бөлігін өзгерту немесе күшін жою құқығын өзіне қалдырады. Әкімшілік  осындай өзгерістер нәтижесінде туындаған кез келген залал немесе шығын үшін жауапкершілікте болмайды.

5. Бонустық бағдарламаның әр қатысушысы мекенжайлары, телефоны және өзге деректері  өзгергені туралы Мейрамханалар жинағының әкімшілігіне уақытылы хабарлауға жауапкершілікте болады. Әкімшілік егер бонустық картаның иесі мекенжайы өзгергені туралы  уақытылы хабардар етпеген жағдайда, почтаның жеткізілмей қалуына жауапкершілікте болмайды.

6. Бонустық бағдарламаның әрбір қатысушысына  атаулы шотқа балл есептелуін қадағалау ұсынылады.

7. Бонустық карта болғанда ғана бонустық балл есептеледі. Балл жинақталу үшін карта шотты төлегенде уақытылы ұсынылуы тиіс.

 

8. Қонақта ағымдағы жинақталу бойынша сұрақ туындаған жағдайда, Әкімшілік 30 күн ішінде жауап беру құқығын өзіне қалдырады. Ақпарат құпия болып табылады.

9. Жинақталған балдар қолма-қол ақшаға аударыла алмайды.

10.Мейрамханада шотты балмен төлеген кезде, есептен шығару нақты уақыт режимінде болады.

11. Бонустық бағдарламаның әрбір қатысушысында бір ғана бонустық шот және бір бонустық карта болады. Бонустық жүйе қатысушысында екінші бонустың бар екенін байқағанда, оған есептелген балдар күшін жояды  және карта алдын ала хабарландырмай жойылатын болады.  Бір шотқа жинақталған балдар басқа шотқа аударыла алмайды.

12. 6 ай бойы пайдаланылмаған бонустық картадан барлық балдар алып тасталады, ал 12 ай бойы пайдаланылмаған карта күшін жояды және қайтарып алынады.

13.  Бонустық карта мейрамхана Әкімшілігінің меншігі болып табылады және алғашқы талап ету бойынша қайтарылуы тиіс.

14. Бонустық картаны магниті бар заттармен бірге (ұялы телефондар, магнит жапсырмалар мен брелоктар және т.б.) сақтамаңыз, өйткені карта магнитсізденіп, Сіз шотты төлегенде бонус ала алмайсыз.

15. Картаны жоғалтып алған жағдайда, қонақ жоғалғаны туралы   (727) 273-43-98  телефонына немесе   kazyna@yandex.ru. электронды почтасына дереу хабарлауы тиіс. Әкімшілік жоғалған картадағы балдардың сақталуына жауапкершілікте болмайды.

16. Жоғалған картаны қалпына келтіру шығыстары бонустық карта иесіне жүктеледі.