«Жетi Қазына» ұлттық мейрамханасы

Өз-өзіне тыйым салуға екінің бірі қабылетті емес ұнамды және сүйікті рахаттанатын істің бірі – бұл дәмді тағам ішу.

Кейде дәмді тағамнан бас тарту өте қиын болады, әсіресе бұл отырыс қазақ және азия асүйі тағамдарының мол таңдауы бар «Жеті Қазына мйерамханасында болса,   бұған  «өзім тойсам да көзім тоймайды» деген  тіркес дәл келеді, көзді жұмып отыр-ақ тағамнан ләззат алуға болады.

Ірі ет кесектерімен дәмі тіл үйірген хош иісті палаудан  немесе «синьцзянь» қуырылған дәмқосарымен  хош иісті лағманнан тәтті не болуы мүмкін, ыстық тандыр нанымен кавказ кәуабының шырынды кесектері  туралы немесе бүкіл қалаға аты шыққан  бесбармақ туралы не айтуға болады. 

«Жеті Қазына» – бұл едәуір үлкен және кең зал, мұнда сіз ұйғыр, қырғыз, қытай және қазақ ұлтының дәстүрлі бұйымдарының бөлшектерін және интерьерді безендіру ерекшеліктерін қиындықсыз-ақ танисыз. Кірер кезде-ақ сіз Шығыстың терең философиясына кездесесіз: мұнда байлық, құштарлық және жемістіліктің символы анар өседі. 

 

 

 

Бұл қызықты: Әрбір көшпенді қазақ жеті қазынаны  иеленуі тиіс деген көне аңыз бар – «Жеті қазына»  - бұл ер жігіт, сұлу әйел,  жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы, жақсы қару және тамақ дайындайтын ошақ.  Осы асыл қазыналарды иеленген адам ең бақытты, жолы болғыш және бай адам деп саналған.

Біздің аспаздарымыз  рецептурасы күрделі, қолмен дайындалатын және көп жылдық тәжірибені талап ететін шығыс асүйінің тағам дайындау  машықтарын меңгерген. Ашық отта әзірленген тағамдарды да атамай кетпеуге болмайды: олар жағымды иіске және қайталанбас дәмге ие.

Шай ішу – бұл жай ғана шөл басу емес, өзің мен қоршаған әлемнің үйлесуіне мүмкіндік беретін рәсім. Кейбір тарихи кітаптарда шай ішу деп осы рәсімді өткізудің 350-ге дейінгі түрлі нәзік қырлары аталады.  Сондықтан сізге ерекше етіп жасалған біздің шайханамызға міндетті түрде келу керек:  әрбір қонақ шайханашының осы тамаша және Шығыста сүйікті болған сусынды қалай дайындайтынын қадағалай алады. Шай – бұл кішкентай ғана шыныаяққа сиғызылған үлкен әлем,-деп бекер айтпайды.

Ежелден қазақ халқының  ерекше бір қыры қонақжайлылығы болды. Қадірлі қонақты қуанышпен қарсы алып, құрметті орынға отырғызып, ең  дәмділерін беріп, сый-сияпат көрсеткен. 

 

20 адамға арналған  «Жасыл киізүй» VIP залы керемет әдемі  етіп жасалған, шеберлердің жұмыстарымен, қазақтардың керек-жарақтары, киімі, әбзелдерімен безендірілген, бұл бұйымдардың барлығы қолмен ұлттық стильде дайындалған. Сіздердің қонақтарыңыз үй бұйымдарына және ерекше шығыс жайлылығына, ең бастысы ұлттық тағамдар мен сусындардың алуан түріне бай  мол дастарханға тамсанып, таңырқайтын болады.  Шығыс әлемі құпия мен жұмбаққа толы, ал асүйі – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің бір бөлігі.  «Жеті Қазына» мейрамханасынан Сіз өзіңіз үшін Шығыс аспаздығының ерекшелігі мен нәзіктігін түйсініп, қайталанбас рахат аласыз.