Мейрамханалар жинағының философиясы

  • Толығырақ   Фотогалерея   Виртуалды  тур

     

  • Толығырақ   Фотогалерея   Виртуалды  тур

     

  • Толығырақ   Фотогалерея   Виртуалды  тур

     

Біздің қаламызда кейде әдемі архитектуралық ансамбльдер мен жаңа үйлер арасында, жасыл көшелер лабиринттерінде бағдарлану қиын болады. Алматы  мейрамханаға бай болғандықтан, жайлы мейрамхана таңдаудан жаңылыспау мүмкін емес.

Қазақ халқынының амандық және бақыт туралы  түсінігін, шығыс қонақжайлығын, азиялықтардың жайдармандығы мен ақкөңілділігін, романтика мен еуропалық сыпайылықты, жапон экзотикасы мен минимализмін бір жерге біріктіре отырып, біз сирек кездесетін стиль мен  талғамға сай безендіру симфониясын - «Жеті Қазына», «Caramel» және «Ци» мейрамханаларының жинағын жасадық.

Біз сіздерді қазақ, орыс, жапон, еуропа және азия асүйі тағамдарының дәмін татуға шақырамыз. Олардың әрқайсысының ерекшеліктерін кәсіби аспаздарымыз ескерусіз қалдырған жоқ.

Біз тәбетіңді ашатын «өзбекше нарын» болсын, «пекинше үйрек» аспаздық тағамы болсын,  «юлим-ци қытырлақ тауығы немесе таңқураймен карамельден әзірленген каннеллони» итальян шедеврі  болсын әр халықтың тағамдарын дайындаудың дәстүрлі технологияларына құрметпен қараймыз. Әрине, біз ерекше балғындығымен ерекшеленетін өнімдерге жеке көңіл бөлеміз. Сонымен бірге біз сізге  тунец –торо, мәрмәр жапон сиыр еті -  кобе және тірі омарлар сияқты  сирек өнімдерден әзірленген тағамның дәмін татуды ұсынамыз.

Бұл қызықты: Көгілдір тунецтің сүйексіз таза еті (торо)  бұл Жапонияда өндірілетін көгілдір тунецтің ең нәзік мәрмәр бөлігі болып табылады.  Бұдан тамаша және керемет тағамды табу қиын! Жапонның көгілдір тунеці  сирек түрге айналуда және жыл сайын оның популяциясы қысқаруда, осыған байланысты оның бағасы да жоғары.

2013 жылы бір балыққа баға рекорды белгіленді – 222 киллограмдық тунец  1 800 00 доллаға сатылды.

Бұл қызықты: Кобэ провинциясының технологиясы жан-жақты ойластырылғанын атамай кетпеуге болмайды: өгізшелер таза шабындықтарда бағылады, сұрыпталған жеммен азықтандырылады, бұлақ суын, сыра  береді және күн сайын вибромассаж жасайды.    Өгізшелер  шаршамау үшін, оларды аспа бесіктерге іліп қояды, ал бүкіл процесс үздіксіз классикалық музыка даусымен өтеді. Нәтижесінде ет әдемі, айқұш-ұйқыш қатпарлы мәрмәр айшықтарға ие болады.

  «Жеті Қазына», «Caramel» және «Ци» мейрамханалар жинағына келіп, Сіз барынша демократияшыл  бағалармен дәмді тағамнан ауыз тиесіз, тіршілік қамын ұмытатын тамаша күйге еніп, уақытыңызды есте қаларлықтай етіп өткізесіз.

 

Бізден бонус картасын алыңыз, бізде қандай да бір сирек және дәмді  тағам пайда болса, біз сізге .